Accessibility links

Египетте конституциялық декларация қабылданды


Египеттік христиан әйел президент сайлауында дауыс беріп тұр. Каир, 17 маусым 2012 жыл.
Египеттік христиан әйел президент сайлауында дауыс беріп тұр. Каир, 17 маусым 2012 жыл.
Египеттің экс-президенті Хосни Мүбәрәк қызметтен кеткен бері елді басқарып келе жатқан жоғарғы әскери кеңес жексенбі кешке конституциялық декларацияны қабылдады. Құжатта жоғарғы әскери кеңес пен президенттің өкілеттіктері мен құқықтары айқындалған.

Декларация бойынша жаңа парламент сайланғанға дейін заң шығару құзыреті әскерилерге берілсе, президент министрлер кабинетін тағайындай алады. Президент бұған қоса заңдарды мақұлдап, я қабылдамай тастауға құзыретті.

Декларация бұған қоса әскерилерге елдің жаңа конституциясын дайындайтын комиссия құруға да мүмкіндік береді.

Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед Әл-Барадеи "жаңа құжат іс жүзінде елдегі билікті әскерилер қолында қалдырып отырғанын" айтады.

Египетте жексенбіде президент сайлауының ақтық кезеңі болды. Оның алдын ала нәтижелері бойынша "Мұсылман бауырластығы" қозғалысының үміткері Мұхаммед Мурси сайлаушылардың 52,5 пайыз дауысын иеленді.
XS
SM
MD
LG