Ақтаудағы сот жаңа судьяның, жаңадан тағайындалған алқа билердің қатысуымен өтіп жатыр.
Сотқа қатысып отырған алматылық журналист Twitter-де Сарбөпеев ісін жаңа судья Лесхан Әбиұлы Байғұловтың жүргізе бастағанын жазды. Бұған дейін судья Руслан Тасмамбетов жүргізген сот әбден аяғына жеткенде тоқтап қалған еді. Прокурорлар «кейбір алқа би мүшелерінің әрекеті күмәнді көрінгендіктен» істі қайта тергеуге жіберуді сұраған.
Twitter-дегі ақпаратқа сүйенсек, бүгін судья Лесхан Байғұлов сот отырысының алғашқы он минутында ғана ақпарат құралдарына сот залында жұмыс істеуге рұқсат берген. Түске дейін алқа билер құрамына кіретін 12 адам анықталған. Олардың кейбірі түрлі себептермен алқа билер құрамына кіргізбеуді өтінген.
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке алғашында үш бап бойынша айып тағылған еді: «пара алды» (қылмыстық кодекстің 311-бабы), «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» (307-бап) және «қылмысқа дайындалды және қылмыс жасауға оқталды» (24-бап).
Соттың алғашқы кезеңінде үшінші айыптың («қылмысқа дайындалды және қылмыс жасауға оқталды») дәлелденбеуіне байланысты 24-бап істен алынып тасталды. Экс-әкімнің мойнында қазір екі бап қалды.
Биылғы ақпан айында қаржы полициясы «Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімдері Жалғас Бабаханов пен Орақ Сарбөпеев 188 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлады» деп хабарлаған еді.
Орақ Сарбөпеевті екі адвокат қорғап отыр. Сот отырысы Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.