Алаңға ағасын іздеп барып, оқ тиіп жараланған бойжеткен, түрме азабын көріп, айықпас дерттен көз жұмған ұлын жоқтаған кейуана, бес жыл түрме азабын көрген мұнайшы, өңешінен оқ тиген тағы бір куәгер. 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан жапа шеккендер мен олардың жақындарының сөзін тыңдау соншалық ауыр.