Бейсенбіде Алматы облысының "Іле" әскери оқу орталығында "Дала қыраны-2012" деп аталатын халықаралық бітімгерлік жаттығуы басталды.
21 қыркүйекке дейін жалғасатын жаттығуға Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Тәжікстан, Украина, АҚШ және Швейцария әскерлері қатысып жатыр. Жаттығу Қазақстанның НАТО-мен әріптестік жобасы және "Бейбітшілік үшін ынтымақтасу" бағдарламасы шеңберінде өтіп отыр.
Жаттығудың мақсаты - Орталық Азия елдері әскерилерінің, оның ішінде қазақстандық "Қазбат" бітімгерлік батальоны мен "Қазбриг" бригадаларының бейбітшілікті сақтаудағы біліктілігін арттыру және олардың халықаралық күштермен бірге жұмыс істеу қызметін жетілдіру.
Әскери жаттығу алғаш рет Қазақстанда 2003 жылы өткізілген. Оған жыл сайын бір жарым мыңнан астам әскерилер мен бақылаушылар қатысады.