Accessibility links

Үмбетов пен Өксікбаевқа депутаттық мандат тапсырылды


Бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясы саяси кеңес бюросының отырысында босап қалған екі депутаттық мандат Серік Үмбетов пен Омархан Өксікбаевқа тапсырылды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Бұған дейін мәжілістің екі депутаты - Бақытқожа Ізмұхамбетов пен Жақып Асановтың өкілеттік мерзімі басқа қызметке ауысуларына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылған. Ізмұхамбетов Атырау облысының әкімі, ал Асанов бас прокурордың орынбасары қызметне тағайындалған.

Серік Үмбетов 2011 жылдан бастап Қазақстан президентінің іс басқарушысы болып қызмет атқарған.

Омархан Өксікбаев 2003 жылдан бері республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын есеп комитетінің төрағасы болып келді.
XS
SM
MD
LG