Accessibility links

Ұлыбритания: Малала Юсуфзай аяғына тұрды


Малала Юсуфзай Елизавета патшайым госпиталінде ем алып жатыр. Бирмингем, Ұлыбритания, 19 қазан 2012 ж.
Малала Юсуфзай Елизавета патшайым госпиталінде ем алып жатыр. Бирмингем, Ұлыбритания, 19 қазан 2012 ж.
Пәкістандық 14 жасар қыз Малала Юсуфзай Талибан сарбаздарының қастандығынан ауыр жараланғаннан бері алғаш рет дәрігерлердің көмегімен аяғына тұрды. Ол емделіп жатқан Ұлыбританиядағы Елизавета патшайым госпиталінің өкілінің айтуынша, түтікшелермен дем алатындықтан Юсуфзай әзірге сөйлей алмайды, бірақ өзгелермен жазу арқылы "тілдеседі".

Бұған дейін Пәкістан үкіметі жасөспірім қызды емделу үшін Ұлыбританияға жіберген еді.

Өткен аптаның сейсенбісінде Пәкістанның солтүстік-батысында Малала мен оның екі сыныптасына мектептен қайтып бара жатқанда Талибан сарбаздары шабуыл жасап, Малаланың мойны мен басы оқтан ауыр жараланды. Ауруханада оның бас сүйегіне операция жасалып, оқты алып тастады.

Халықаралық қауымдастық жас қызға жасалған шабуылды қатаң айыптады.

11 жасынан бастап интернетте урду тілінде блог жаза бастаған Малала Юсуфзай жазбаларында талибтердің қатыгездігі туралы баяндаған.
XS
SM
MD
LG