Жақындары "Қазақстан түрмесінде азапталды" деп сипатталған босқынды еліне қайтарса, қайта қысым көрсете ме деп қорқады.
Желтоқсанның 3-і күні есімін айтпаған азамат Азаттық радиосына хабарласып, Жаңаөзен оқиғасынан кейін Польшаға қашып келген қазақ босқындарының бірі қамалғанын хабарлады. Бұл ақпаратты босқынның жақындары растады.
Ұсталған азаматтың аты-жөні - Атырау тұрғыны Мейірман Шәуенов.
Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстаннан қашып кеткен Шәуенов 2012 жылдың басынан бері отбасымен бірге Польшаның Згерж қаласындағы босқындар лагеріне тұрақтанған.
"ҚАЗАҚСТАННАН СҰРАУ КЕЛДІ"
Оның әйелі Фатима Сәрсенованың айтуынша, польшалық полиция күйеуін қарашаның 30-ы күні кешке қарай лагерьден ұстап әкеткен.
- Жұма күні біреу есікті тақылдатқандай көрінді. «Кім?» деп сұрап едім, ешкім үндеген жоқ. Бірнеше рет сүйтті. Сосын күйеуім барып ашып қалып еді, үйге бойлары ұп-ұзын сегіз ер адам кіріп келді. Азаматтық киім киген. Іштерінде бронежилеттері бар. Жандарында мылтық-пистолет, кісендері бар. Күйеуім «полиция ғой, сен ас үйде бола тұр, жай тексеруге келген болар» деді. Визамызды қарағаннан кейін күйеуіме «сіз киініп, бізбен жүріңіз» деді. Мен «паниковать» ете бастап едім, күйеуім «жай тексеріс болар, қазір келем ғой» деді, - дейді Фатима Сәрсенова.
Оның айтуынша, үйде қалған үш адам үйдің ішін қарап тағы тексерген.
- Мен олардан «Неге алып кетті?», «Оның не кінәсі бар?» деп сұрап едім, «Біз ештеңе білмейміз» деді. «Жоқ, сіздер жақсы біліп тұрсыздар» деп едім. Біреуі шыдай алмай: «Сіздің күйеуіңіздің атына Қазақстаннан запрос келді. Сосын алып бара жатырмыз» деді. Бұдан басқа маған ештеңе айтқан жоқ, - дейді ол.
СЕРГЕЛДЕҢ
Бұл түні бала-шағасымен үрейленіп ұйықтамай шыққанын айтқан Фатима Сәрсенова ертесінде Згерж қалалық полициясына барғанын, бірақ ештеңе анықтай алмағанын жеткізді.
- Кезекші полицейге «Мүмкін оны Қазақстанға алып кеткен болар» деп едім, «Жоқ, ол осында, бірақ кіргізе алмаймыз оған» деп жауап берді. Сосын сыртқа шығып, полицияның алдында айқайлап жыладым. Бір уақытта кезекші ішке шақырып «телефонмен сөйлесіңіз» деді. Ар жағында лагерь директоры: «Фатима, сен жылама, балаңды алып лагерьге бар. Не үшін жылап тұрсың? Бәрібір күйеуіңді көрсетпейді. Біз ештеңе істей алмаймыз. Интерполдың кіріскен мәселесіне ештеңе істей алмаймыз» деді, - дейді Фатима Сәрсенова.
Оның айтуынша, желтоқсанның 3-і күні «күйеуінің заттарын беру үшін» полициядан бір әйел хабарласып, сот өткенін айтқан.
- «Күйеуімнен хабар бар ма? деп сұрасам, демалыс күні сот болғанын айтты. Онда оны «Қазақстанға бірден жібереміз бе, әлде 40 күннің ішінде жібереміз бе» деген мәселе шешілген. Польша жағы Қазақстан жағынан оны не үшін іздестіріп жатқанына байланысты сауалға жауап алғаннан кейін жіберетін болыпты, - дейді Фатима Сәрсенова.
ПОЛЬША ТАРАПЫНЫҢ ЖАУАБЫ
Дүйсенбі күні Азаттық тілшісі Згерж қаласындағы босқындар лагері орталығының жетекшісі Лещикпен (толық аты-жөнін айтқан жоқ) телефон арқылы сөйлескенде, ол бұл мәселе жайында полицияға хабарласу керектігін айтты.
Згерж қалалық полициясынан Мейірман Шәуеновтің ұсталғаны туралы сұрағанымызда телефон тұтқасын көтерген полиция қызметкері өткен аптада Қазақстан азаматының қамалғанын растады.
- Бізде өткен аптада Қазақстаннан келген азамат ұсталды. Бірақ себебін телефон арқылы айта алмаймыз, - деді ол.
Ал босқынның жақындары Жаңаөзен оқиғасына қатысты іздеуде жүрген Шәуенов еліне қайтарылса, азаптауға ұшырайды деп қорқып отыр.
- Қазақстаннан қашып, Еуропадан көмек сұрап келгенде Польша билігі бізге саяси баспана береміз деп уәде берген еді. Бұл қалай болғаны? Олар біздің ісімізді құпия жүргіземіз деген еді. Күйеуімді олар (Қазақстан полициясы) Жаңаөзен оқиғасына қатысты деп ұстап алып, тоққа соқтырған, суық су құйып, қорлық көрсеткен. «Егер күйеуіңді ұстап алсақ, өлтіреміз оны. Бізде сондай приказ бар. Сені де жауып тастаймыз. Балалаларыңды жетімдер үйіне өткізіп жібереміз» деген еді. Енді Польша сондай елге бізді берейін деп жатыр ма? - дейді Фатима Сәрсенова.
Оның айтуынша, босқын мәртебесін алу үшін Польшаның ресми органдарына құжаттарын тапсырып қойған. Бірақ әлі мәселе шешілмепті.
2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні болған Жаңаөзен оқиғасынан кейін Польшаға қашқан қазақ босқындары туралы Азаттық радиосы бұған дейін жазған болатын.