Accessibility links

Назарбаев зейнетақы заңы жобасын қайтарды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 14 желтоқсан 2012 жыл.
7 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын парламентке қайтаратынын мәлімдеді. Ол әйелдердің зейнетке шығу жасын ерлермен теңестіруге наразылық туғанын айтып өтті.

Назарбаев заң жобасын қолдайтынын, 2014-2024 жылдар аралығында бюджеттегі зейнет қаражаты жетіспеушілігі 3 триллион теңгеге жетіп, мемлекеттің оны төлей алмауы мәселесі шығатынын мәлімдеді.

Ол әйелдердің зейнет жасын 63-ке бұрын айтылғандай 2014 жылдан бастап емес, 2018-2027 жылдар аралығында ұзартуды ұсынды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов бұған дейін заң жобасын түсіндіру үшін аймақтарды аралаған еді. Наразылық тудырған мәселенің бірі әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке ұлғайту болған.

14 мамырда бұл реформаға наразылар сенатқа хат тапсырды. Оған дейін де кейбір қалаларда қарсылық акциялары өтті. Реформаны түсіндіру жұмыстары кезінде шенеуніктер мен жұрт арасында пікірталастар болды.

Қоғамдық белсенді Андрей Цуканов сәуірдің 26-сы зейнет реформасын түсіндіру үшін Алматыға келген министр Серік Әбденовке жұмыртқа лақтырды.

Қазіргі сәтте Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер 58 жаста шығады.
XS
SM
MD
LG