Accessibility links

Қазақстанда генерал Әсенов пен украиналықтар сотталды


ҰҚК шекара қызметінің апатқа ұшыраған АН-72 ұшағының бөлшектері. Шымкент. 26 желтоқсан, 2012 жыл.
ҰҚК шекара қызметінің апатқа ұшыраған АН-72 ұшағының бөлшектері. Шымкент. 26 желтоқсан, 2012 жыл.
Украина азаматтары Александр Школяренко, Александр Хрулев және қазақстандық Алмаз Әсеновке қатысты сот шешімі шықты.

Украина азаматтары Қазақстан қылмыстық кодексінің 312 бабы 5 тармағы бойынша (ірі көлемде пара беру) бойынша кінәлі деп танылып, алты жыл бас бостандығынан айрылған. Жазаларын қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Бұл туралы хабарлаған әскери соттың баспасөз хатшысы Шолпан Шикетаева олардың мүліктері қоса тәркіленетінін айтқан.

Оның бүгін ақпарат құралдарына мәлімдеуінше, сот шешімі кеше шыққан.

Қазақстан қарулы күштерінің қару-жарақ бас басқармасының бұрынғы бастығы Алмас Әсенов те мүлкі тәркіленіп, 11 жылға қатаң режимдегі түрмеге кесілген. Әскери атақтарынан да айрылған ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

Мәліметке қарағанда, Әсенов 200 мың доллар пара алуы кезінде ұсталған. Школяренко мен Хрулев биыл 26 қаңтарда Астана әуежайында ұсталған. Олар арасында ҰҚК шекара қызметінің АН-72 ұшағы да бар, әскери техникаларды жөндеу келісімдеріне қатысты пара берді деп хабарланған.

Шекара қызметінің айтылған ұшағы өткен жылы 25 желтоқсанда Шымкентте апатқа ұшырады. Ұшақ бортындағы барлық 27 жолаушы қаза тапты. Олардың арасында шекара қызметі басшысы Тұрғанбек Стамбековтен бастап басқа да лауазымды тұлғалар болған.
XS
SM
MD
LG