Астанадағы наразылық
Сот шешімі бойынша үйлерін босатудан бас тартқан "Махаббат" тұрғын үй кешенінің пәтер иелері қалалық прокуратура ғимаратының алдында наразылық танытып, көшені жауып тастады. Полиция бірнеше наразыны ұстап әкетті. "Махаббат" кешеніндегі 49 пәтерде тұрып жатқан 427 адамды баспаналарынан шығару туралы сот үкімі шыққан еді. Астана, 20 тамыз 2013 жыл.