«Благодать» протестант шіркеуінің пасторы, Астананың 67 жастағы тұрғыны Бақытжан Қашқымбаев тамыз айында төрт аптаны Алматыдағы республикалық психиатриялық клиникада өткізді. Тергеушілердің «психикасын тексеру» туралы шешімінің арқасында ол Астана мен Алматы арасында ары-бері этаппен жүрген тағы бірнеше аптаны есептемегенде, осы уақыт аралығында өңі түгілі түсінде көремін деп ойламаған талай жайттарды басынан кешірген.
Биыл мамыр айынан бері қамауда отырған пастор Қашқымбаевқа шіркеуге келушілердің кем дегенде біреуінің денсаулығына «гипноз» арқылы «қасақана ауыр зардап келтірген» деген айып тағылған.
Қашқымбаевтың адвокаты Нұрлан Бейсекеев пастордың жұрт көзінен оқшау мекемеде – психиатриялық ауруханадағы басынан кешкендері туралы Азаттық тілшісіне баяндап берді.
ҚИТҰРҚЫ СҰРАҚТАР
Бақытжан Қашқымбаевты ісі тергеліп жатқан тағы алты адаммен бірге Алматыдағы психиатриялық орталығының жертөлесінде жалпы камерада (өздері палата деп атайды) ұстаған.
– Егер басқаларын медициналық комиссияның отырысына екі-үш рет қана апарса, пасторды осы уақыт ішінде 19 мәрте шақырған, – дейді Нұрлан Бейсекеев.
Пастор әуелі психиатриялық тексеру кезінде қитұрқы сұрақтармен қатар діни сенімі және жеке өміріне қатысты басқа да сұрақтардың неліктен қойылғанын түсінбеген. Дәрігерлер пастордан «Неліктен Алла тағалаға емес, Исаға сенесіз?» деп те сұраған.
«Сарапшы дәрігерлер осылай сенің ашуыңа тиіп, арандатып алады да, кейін жүйкесі дұрыс емес деген біржақты ұйғарым шығара салады» деп түсіндірген камераластары пасторға «ашу-ызаға ерік бермей, өзіңді байсалды ұстауға тырыс, арандатуларына ерме» деген кеңес беріпті.
– Бірақ оның өзі де – жаратылысынан байсалды, сабырлы адам. Сондықтан дәрігерлердің арандатуына ермей, сұрақтарына сабырмен жауап берген, – дейді Нұрлан Бейсекеев.
Адвокаттың айтуынша, пастор дәрігерлердің «түсініктеме жаз» деген талабы бойынша 17 парақ түсініктеме жазып берген. Комиссия отырысына кезекті шақыру кезінде осы түсініктемесінің әр тұсынан қойылған сұрақтарға да сабырмен жауап берген көрінеді.
Психиатриялық орталықта ұстау мерзімі аяқталар тұста пасторды төрт адамнан құралған (біреуі – комиисия төрағасы) сарапшылар комиссиясының отырысына шақыртқан. Пастор комиссия мүшелерінің барлық сұрағына, оның ішінде «Сізге қатысты қылмыстық іс не үшін қозғалды?» деген сұрағына да жауап берген. Пастордың адвокатына айтқанына қарағанда, комиссия төрағасының «Сізді мұнда неге жатқызған? Ақыл-есіңіз дұрыс екен ғой» деген сауалына дәрігерлердің бірі «Қашқымбаевтың ісі бойынша бір емес, төрт жәбірленуші бар, оның бірі – ер адам» екенін айтқан.
Психиатриялық тексерудің қорытындысын Бақытжан Қашқымбаевқа ресми түрде хабарламаған. Оның психиатриялық сараптамасының қорытындысы осы айдың соңында дайын болатыны қыркүйектің 9-ы күні анықталды. Ол Астана қаласы Алматы аудандық сотының Қашқымбаевты тағы бір айға қамау санкциясын ұзарту туралы кезекті отырысында мәлім болды.
ДЕНСАУЛЫҒЫНДАҒЫ КІНӘРАТТАР
Өзіне тағылған айыптарды мойындамаған пастор Бақытжан Қашқымбаев дәрігерлердің «психикасы дұрыс емес» деп шығаруы мүмкін ұйғарымымен де келіспейді.
Психиатриялық тексеруге этаппен жөнелтер алдында ол денсаулығында біраз кінәрат барын, оның ішінде екі жылдай бұрын жүрек талмасына ұшырағанын жазғанымен, өзін ақыл-есі бүтін адам ретінде сезінетінін айтқан. Пастор «мені әуелі ақыл-есі дұрыс емес адам ретінде көрсетіп, кейін совет заманында диссиденттерге қолданылған дәрі ішкізу, екпе салу сияқты тәсілдердің көмегімен ақыр соңында шынымен есі дұрыс емес адам етіп шығармақ» деп қауіптенеді. Пастор осы қауіппен тексеру кезінде психикасына әсер ететін дәрілер егіп жібере ме деп қатты қорыққан.
Бірақ пасторға укол салуға тура келген. Өйткені денесі дуылдап қышып қоймаған соң оған май жағып, укол салған. Әлгі уколдардан соң пастор лоқсып, басы «миы құдды шашырап кеткендей» ауыра бастаған. Біреулерден «галоперидол» деп аталатын психикаға қатты әсері бар препаратты салғаннан кейін осындай белгілер пайда болатынын естіпті. Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, «дәрігерлер қорқып кетіп, укол салуды тоқтатқан».
Бақытжан Қашқымбаевтың адвокаты мен баласы Асқар Қашқымбаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, пастордың денсаулығы онша емес. Ол жүрек тұсының ауыратынын, аяғы ісініп, аяқ тамырларында жүрек-қан тамырлары ауруы белгісін білдіретін түйнектер пайда болғанын айтады. Адвокат Бейсекеевтің айтуынша, зәр жүргізетін препарат қабылдаса да, пастордың аяғының ісігі қайтпаған. Оған мұны пастордың өзі айтып, ісіп кеткен аяқтарын көрсеткен.
Пастор Бақытжан Қашқымбаевтың, Риддер қаласында тұратын журналист әрі құқық қорғаушы Александр Харламовтың, Балқаш қаласында тұратын адвокат Зинаида Мухортованың ісі әсіресе оларды мәжбүрлі түрде психиатриялық сараптамаға жібергеннен кейін Қазақстан мен шетелде қоғамдық пікір туғызды.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл адамдарға ешқандай қиюы жоқ айыптар тағылған, тергеушілер бірнеше ай ішінде олардың кінәсін дәлелдейтін ешқандай маңызды айғақтар көрсете алмаған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, диссиденттерді психиатриялық ауруханаға күшпен жатқызып, адамның жүйкесін бұзатын препараттарды қасақана қолдану сияқты советтік практика Қазақстанда қайта жанданып отыр.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін пастор Бақытжан Қашқымбаевты, құқық қорғаушы Александр Харламовты және адвокат Зинаида Мухортованы қамаудан шығаруға шақырды. Қыркүйектің басында Харламов ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, қамаудан босады. Пастор Қашқымбаев әлі түрмеде отыр. Ал Зинаида Мухортованы психиатриялық клиникада қамауда ұстап, мәжбүрлі түрде емдеп жатыр.

Пастор «мені әуелі ақыл-есі дұрыс емес адам ретінде көрсетіп, кейін совет заманында диссиденттерге қолданылған дәрі ішкізу, екпе салу сияқты тәсілдердің көмегімен ақыр соңында шынымен есі дұрыс емес адам етіп шығармақ» деп қауіптенеді.