Accessibility links

Керри мен Лавров Сирия мәселесін талқылайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Вашингтон, 9 тамыз 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Вашингтон, 9 тамыз 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні Женевада Сирияның химиялық қаруын жоюға қатысты Мәскеудің ұсынған жоспарын талқылауды бастамақшы. АҚШ билік өкілдерінің айтуынша, Швейцариядағы екі күнге жалғасатын кеңесулерге сарапшылар тобы да қатысады.

Бұған дейін АҚШ халқына үндеуінде президент Барак Обама Сирия мәселесін дипломатиялық жолмен шешіп көруге мұрсат беру үшін Конгрестен Сирияға қарсы әскери операция бастау туралы Ақ үйдің ұсынысына дауыс беруді кейінге шегеруді өтінгенін мәлімдеген.

Мәлім болғанындай, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын бес мемлекеттің елшілері сәрсенбі күні кешке Франция ұсынған қарар жобасы бойынша келіссөздер өткізген. Онда Сирия президенті Башар Асадты химиялық қаруды тапсыруға шақырып, егер Дамаск оған көнбеген жағдайда Сирияға қарсы әскери операция басталатыны туралы ескертілген. Сирияға әскери операция бастауға Ресей қарсы.

10 қыркүйекте Ресей Сирия билігін сырттан әскери шабуылға жол бермес үшін өзіндегі химиялық қару-жарақты «халықаралық бақылауға» беруге шақырған еді.
XS
SM
MD
LG