Бас прокуратура алдындағы наразылық
"Махаббат" тұрғын үй кешені тұрғындары Астанада Қазақстан бас прокуратурасы алдына жиналды. Олардың айтуынша, 2009 жылы 427 адам 49 пәтерді жалға алу туралы келісім-шартқа отырып, тұрғын үй кешені иесіне ақша төлеп келген. Алайда иесі үйді басқа компанияға сатып жіберіп, жаңа қожайын тұрғындардан пәтерлерді босатуды талап еткен. Сот тұрғындардың келісім-шарттарын жарамсыз деп тауып, оларды пәтерлерінен шығаруға үкім еткен. Сот үкіміне наразы тұрғындар бұдан бір ай бұрын Астана қалалық прокуратурасы алдында да акция өткізген еді. Астана, 18 қыркүйек 2013 жыл.