Францияның Экс-ан-Прованс қаласының соты оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті босатпады. Адвокаттар Әблязовті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босату туралы өтініш түсірген еді. Бұл туралы Украинаның мемлекеттік ақпарат агенттігі 3 қазан күні хабарлады.
Сот адвокаттар өтінішін 2 қазан қараған. Әблязовты босатпау туралы шешімнен бөлек, сот оны экстрадициялауға қатысты алғашқы сот отырысын 5 желтоқсанға белгіледі.
2005-2009 жылдары «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныстанды. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берді.
Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінді.
Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Бұрынғы банкир Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылды.
2013 жылы 31 шілдеде Мұхтар Әблязовті Украинаның сұрауы бойынша Францияның Муан-Сарту қаласында осы елдің қауіпсіздік күштері ұстады.
Украина мен Қазақстан Франция сотынан Әблязовті экстрадициялауды сұрап отыр.