Accessibility links

Өзбек әншісі мақтаға бола лицензиядан айырылды


Өзбекстанда мақта теріп жүрген балалар. (Көрнекі сурет).
Өзбекстанда мақта теріп жүрген балалар. (Көрнекі сурет).
Өзбекстанда танымал әнші Жасур Умеров міндетті мақта теру науқанына қатысудан бас тартқаны үшін сахнада ән айту лицензиясынан айырылды. Лицензия беретін агенттік өкілінің айтуынша, Умеровтың лицензиясы "әнші ауырғансып, мақта жинаудан қашқақтағаны үшін және әндері өзбек менталитетімен үндеспейтіндіктен" тартып алынған. Өзбекстан әншілері сахнада ән айту үшін арнайы рұқсат алуы тиіс.

Өзбекстан билігі біраз жылдан бері мақта теру, оны күтіп-баптауда балалар еңбегін күштеп пайдаланатыны үшін сынға ұшырап келеді. Ал біраздан бері билік мақта жинауға балаларды ғана емес, мұғалімдер, актерлер, дәрігерлер мен спортшыларды да тарта бастаған.

Өзбекстан - әлемде мақта экспорттайтын ең ірі ел. Өткен жылы жүзден астам халықаралық киім өндіруші компания балалар еңбегін пайдаланатыны үшін өзбек мақтасына бойкот жариялаған.
XS
SM
MD
LG