Мухортованы босатты
Астанадағы психикалық денсаулық медициналық орталығынан шығарылған балқаштық адвокат Зинаида Мухортованы туысы Наталья Абент пен бір топ белсенді күтіп алды. Ол мұнда 30 қыркүйектен бері өзіне тағайындалған психологиялық-психиатриялық сараптама нәтижесін күтіп жатқан. Бірақ сараптама нәтижесі әлі шығарылған жоқ. Мухортованы --> http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_astana_mental_hospital_zynaida_mukhortova/25130680.html биыл тамыз айында үйінен күштеп әкетіп Балқаштағы психиатриялық диспансерге жатқызып, қыркүйекте Астанадағы орталыққа ауыстырған еді. Халықаралық ұйымдар Зинаида Мухортованың «саяси себеппен қудаланып отырғанын» айтып, Қазақстан билігін оны дереу босатуға --> http://www.azattyq.org/content/news/25077252.html шақырған. Астана, 1 қараша 2013 жыл.