Ахтараның өмірі
25 қараша - халықаралық әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді тыю күні. Ауғанстандық Ахтара - сондай қорлық көрген әйелдің бірі. Оның күйеуін өлтірген адам өзіне тимей қойғаны үшін бетіне қышқыл шашып кеткен. Төрт баласы бар әйел қазір қайыр сұрап күн көреді. (Азат Ауғанстан радиосы видеосы)