Грузия мен ЕО келісімі
Литва астанасы Вильнюсте өтіп жатқан Еуропа Одағы (ЕО) "Шығыс ынтымақтастығы" саммитінде Грузия мен ЕО арасындағы ассоциация туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа қол қою салтанатына Грузия вице-премьері Георгий Квирикашвили мен сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе, ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон мен ЕО сауда өкілі Карел Де Гюхт қатысты. Вильнюс, 29 қараша 2013 жыл.