Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан сотта прокурор оппозициялық саясаткер, бизнесмен Зайд Саидовты 28 жылға соттауды сұрады.
Бұрынғы депутат, тіркелмеген "Жаңа Тәжікстан" партиясының жетекшісі Саидов биыл мамыр айында тұтқындалған еді. Оған "пара алды, қызметін теріс мақсатта пайдаланды, қаржылық алаяқтық жасады, кісі бопсалады, көп әйел алды, кәмелетке жасы толмағандармен жыныстық қатынас жасады" деген айыптар тағылып, қыркүйек айында сот басталған.
Бірақ Саидов өзіне қарсы істің саяси астары бар деп мәлімдеп, тағылған айыптарды мойындамады.
Биыл Тәжікстанда 6 қарашада өткен президент сайлауы қарсаңында Саидов партиясының саяси бағдарламасын ұсынып, үкіметті "тиімсіз реформалар жүргізді, орта және шағын кәсіпкерлікке қысым жасады, бағаны тым қымбаттатып, сыбайлас жемқорлыққа жол берді" деп қатаң сынаған.
Зайд Саидов бір кездері президент Эмомали Рахмон отбасына жақын адамдардың бірі болған.