30 желтоқсан күні таңертең Ресейдің Волгоград қаласында троллейбуста жарылыс болды. 10 адамның қаза тапқаны, 15 адамның жараланғаны хабарланды. Бір күн бұрын Волгоград қаласының вокзалында жарылыс болған еді. Волгоградтағы кешелі-бүгін жасалған екі жарылыстан 37 адам опат болды.