Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздің кеңесі


БҰҰ Қауіпсіздің кеңесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:09 0:00

БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында биліктен қуылған Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің Мәскеуден өз еліндегі тәртіпті қалпына келтіру үшін ресми түрде әскер кіргізуді сұрағанын айтты. Чуркиннің айтуынша, Ресейге қашып барған Янукович 1 наурыз күні Путинге хат жазған. БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Саманта Пауэр «Ресей Украина территориясына ойдан шығарылған сылтаумен әскер кіргізді» деп мәлімдеді. Ол мұны «Украина егемендігі мен аумақтық тұтастығына жасалған шабуыл» деп бағалады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі соңғы төрт күннің ішінде Украинадағы жағдайға қатысты үш рет шұғыл жиын өткізді. Әзірге дағдарысты шешетіндей нәтиже шықпай тұр. Тараптар бір-бірін айыптаумен шектелді. Еуропа саясаткерлері Ресейдің Қырымнан әскерін алып кетуін талап етеді. Ал Ресей Украина территориясына әскер кіргізгенін ресми түрде мойындамай отыр.

XS
SM
MD
LG