Accessibility links

Шыңжаңдағы «антитеррорлық жаттығу»


Шыңжаңдағы «антитеррорлық жаттығу»
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

Қытайдың батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында «антитеррорлық жаттығулар» өтті. Оған қатысқан полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен дәрігерлердің пышақпен қаруланған адамдарға және жарылғыш заттар алып автокөлікпен шабуылдаған жанкештілерге тойтарыс беруге дайындығы тексеріліп, кепілге алынғандарды босатудың амал-тәсілдері пысықталды. Табиғи кен орындарына бай Шыңжаң аймағында соңғы кездері бірнеше шабуыл жасалып, ондаған адам мерт болған еді. Ресми Пекин негізінен этникалық мұсылман ұйғырлар тұратын бұл аймақтағы зорлық-зомбылықтарға исламшылар мен жергілікті сепаратистерді айыптайды. Қытай билігін сынайтындар «үкімет тәртіп шараларын қатаңдата беру үшін қауіп жайлы асырып айтады» дейді. Құқыққорғаушы ұйымдар тәртіпсіздіктердің шығу себебін экономикалық теңсіздік пен ұйғырларға қатысты діни репрессиямен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG