Accessibility links

ОҚО-да оқ-дәріні жою қоймасында жарылыстан 2 адам мерт болды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласындағы «Қазақжарылысөнеркәсібі» акционерлік қоғамы аумағында жарылыс болып, екі адам қаза тапты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Нұрлан Темірбаевтың Азаттыққа хабарлауынша, бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында Арыс қаласындағы кәсіпорынның оқ-дәрілерді жоюға арналған қоймасының аумағында жарылыс болып, екі жұмысшы мерт болған. Кәсіпорынның бір жұмысшысын күйік шалып, аудандық орталық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген.

«Қазақжарылысөнеркәсібі» акционерлік қоғамы қоймасында жарылыс таңертең сағат 7:40 кезінде болған. Жарылыстың себептерін Арыс қаласы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр» дейді Нұрлан Темірбаев.

XS
SM
MD
LG