Банкке наразылар ұсталды
АТФ банк басшысымен кездесуді талап еткен «Халық баспана беріңдер» қозғалысының белсенділері банк ғимараты алдына палатка тігіп, аштық жарияламақ болды. Полиция бірнеше белсендіні ұстап әкетті. Банк қызметкерлері басшыларымен кездестіруге келісіп, төрт белсендіні ғимарат ішіне кіргізіп алды. Алматы, 15 шілде 2014 жыл.