Ішкі істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, Қазақстанда жылына отбасындағы жанжал салдарынан 500 әйел қаза табады екен. Мамандар жанжалдың орын алуына, әйелдің соққыға жығылуына отбасының әлеуметтік жағдайы басты себеп болып жатады дейді. БҰҰ-ның әйелдер мүддесі үшін ЮНИФЕМ даму қорының аймақтық бағдарламалар директоры Дамира Сартбаева бұл мәселені шешудің бір жолы - отбасылардың тұрмысын жақсарту үшін ресми емес органдарда жұмыс жасайтын әйелдерге мемлекет тарапынан көмек көрсету қажет дейді.