Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Молодежное селосы Сасық көл деген көлдің жағасында әулетті отбасында дүниеге келген. Ақынның әкесі Бекен Қазан революциясына дейнгі кезеңдегі ірі қазақ байларының бірі, ол Мағжанның оқуға зеректігін көрген әкесі оны 1905 жылы Қызылжар қаласындағы Шалақазақ медресеге оқуға берген. Ақынныің білімге деген құштарлығы осы медереседен бастау алған. Оның білімге терең бойлауы, біліктілігі және ауқатты отбасынан шыққаны түрмеге жабылуына себеп болды. Атырау облысының Жылыұя ауданынң тұрғыны жасы 90-ға келген Абдулла Әбдірахманов Ресейдің Магадан облысы Сусуманск ауданында НКВД-ның лагерінде ақын Мағжан Жұмабаевпен алты айдай бірге отырғанын айтады. Оның айтуынша, сол жерде 1951 жылдың қаңтар айында ақын ауырып көз жұмған. Ол Мағжанның аманат етіп тапсырған блокнотын жолда ұрлатып алғанын жеткізді. Совет үкіметі тұсында «Білім және еңбек» журналында қызмет еткен Әшірбек Амангелді Мағжанның «Қойлыбай бақсы» жырынан журналда үзінді келтіргені үшін жауапқа тартылып, қоғамда үлкен дау туғызғанын айтып берді. Алайда ол сол кезде жырдан келтірілген үзіндінің Мағжан жұмабаевтың шығармасы екені білмгенін айтады. Жазушы әрі тарихшы Бейбіт Қойшыбай «Қойлыбай бақсы» жайында жыр жазуына ақынның үнемі ізденіс үстінде жүруі себеп болды дейді.