Қызылордадағы жатақхана тұрғындары шағымы
Қызылорда қаласы Әбуов көшесіндегі бұрынғы тоқыма фабрикасы қызметкерлеріне арналған жатақхана тұрғындары баспаналарының жағдайы мүшкіл екеніне наразы. «Ортақ жертөлені су басып, аулаға көршілес үйдің қоқысын төгіп жатыр» дейді олар. Ал «Тұрғын үй қызметі» мекемесі директоры Серікқали Нұрымбетов тұрғындардың ғимаратты жөндеу жайлы өтініш жасамағанын айтады. Қызылорда, 2 тамыз 2014 жыл. Видео авторы - Оңғар Саймосаев.