Жұмысшылардың еңбек пен жалақы жайлы талабы
Маңғыстаудағы «BA Global Logistics» компаниясы жұмысшылары еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны уақытылы беруді, зейнетақы қорына төлем аударуды талап етіп, тамыздың 10-11 күндері жұмысқа шығудан бас тартты. Маңғыстау ауданы әкімдігіне жиналған жұмысшылармен аудан прокуроры Батыр Шағыров пен «BA Global Logistics» өкілі Антон Тушканов кездесті. Шетпе ауылы, Маңғыстау облысы, 11 тамыз 2014 жыл. Видео авторы - Сәния Тойкен.