Accessibility links

Белсенділер Назарбаевтан Танковқа араша сұрады


Қарағандылық заңгер Евгений Танков. Қарағанды, 7 сәуір 2014 жыл.
Қарағандылық заңгер Евгений Танков. Қарағанды, 7 сәуір 2014 жыл.

Қарағандылық белсенділер қызмет міндетін атқару кезінде сот өкіліне қоқан-лоқы жасаған және сотқа құрмет танытпаған деген айыптармен үш жылға сотталған заңгер Евгений Танковтың ісіне биліктің назар аударуын сұрайды.

Бүгін Астанадағы Ақорда алдына келген қарағандылық белсенділер Айтқожа Фазылов, Ғалымбек Ақылбеков және Болат Райыс Танковты қолдау хатын арнайы жәшікке салып қайтты. Олардың іс-қимылын полицейлер сырттай бақылап тұрды. Ақылбековтың айтуынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолданған хатқа сотталған заңгерге қолдау танытқан 300-ге жуық адам қол қойған.

«Біз президенттен осы іске араласып, Конституция кепілі ретінде бұл істі әділетті түрде қарау және заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуді сұраймыз, - деді Ғалымбек Ақылбеков.

Сот кезінде судьяны «шыбын қаққыш дуэліне» шақырған қарағандылық заңгер Евгений Танков биыл шілде айында үш жыл мерзімге жалпы режимдегі колонияға жазасын өтеуге кесілген еді. Оның «сатиралық перформансы» судьяға шабуылдау деп бағаланған.

XS
SM
MD
LG