Accessibility links

Кабулдағы билік жайлы келісім


Кабулдағы билік жайлы келісім
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00

Ашраф Ғани ресми түрде Ауғанстанның жаңа президенті болып жарияланды. Оның негізгі бәсекелесі Абдулла Абдулла атқарушы билікке отырды. Ауғанстан тәуелсіз комиссиясы президенттік кампанияның аяқталғаны туралы мәлімдегенімен дауыс берудің ресми нәтижесі де, дауыс беруге қанша сайлаушы қатысқаны туралы да айтылмады. Бұның алдында Ауғанстанда биыл президент сайлауының екінші кезеңінде бәсекелес болған елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла мен бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани ұлттық ынтымақтастық үкіметін құру және билікті бөлісу туралы келісімге қол қойған. Оған сәйкес, Ашраф Ғани президент қызметін атқарады, Абдулла Абдулла үкіметке жетекшілік жасайтын болады. Бұған дейін Ауғанстанда президент атқарушы билікті өзі басқарып келген болатын. Бұл келісімге дейін Ауғанстанда 14 маусым күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінің қортындысына қатысты үлкен дау шыққан еді.

XS
SM
MD
LG