Accessibility links

Экс-әкім Мейрам Смағұлов екі айға тұтқындалды


Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов.
Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов.

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов өзінің үстінен қозғалған тергеу аяқталғанша екі ай мерзімге тұтқындалды. Бұл туралы бүгін сот шешімін шығарған Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының судьясы Еркеш Мәукен егер күдікті бостандықта болса тергеу ісіне кедергі жасауы немесе куәгерлерге қысым көрсетуі мүмкін деген ұйғарымға келген.

Бұған дейін мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-әкім Мейрам Смағұловтың үстінен қылмыстық кодекстің «қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың маусымына дейін Қарағанды қаласының әкімі болып істеген Мейрам Смағұлов бұл қызметінен өз өтінішімен кеткен.

Қыркүйек айының соңында коррупциялық қылмысқа қатысты айыппен Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев екі айға қамалған.

XS
SM
MD
LG