Accessibility links

Борышкердің үйінде


Борышкердің үйінде
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:58 0:00

Алматыда ипотекаға алған пәтерінің қарызын төлей алмағаны үшін баспанасынан шығару жайлы сот үкіміне іліккен Күлән Қайыпованың үйіне сот орындаушылары келді. Түскі сағат 11 кезінде келген сот орындаушылары пәтерде ешкім болмаған соң есік құлпын сындырып, жаңа құлып салған. Олар пәтер есігін мөрлеп жатқан кезде үй иесі Күлән Қайыпова мен бірнеше қоғамдық ұйым белсенділері жетті. Пәтер иесі сот орындаушыларының есігін мөрлеп кетуіне қарсылық танытып, талапкер мекеме - «БТА ипотека» басшылығымен келісім жасауға мұрсат берулерін сұрады. «БТА ипотеканың» жауабын күтіп тұрған кезде бірнеше белсенді сот орындаушылары орнатқан жаңа құлыпты бұзбақ болды. Есік алдында өрт сөндіру мен жедел жәрдем көліктері кезекшілікте тұрды. Көліктердің бірі сәлден кейін қан қысымы көтерілген Күлән Қайыпованы ауруханаға алып кетті. Түстен кейін сағат 15.30 шамасында «БТА ипотека» басшылығы мен пәтер иесі келісімге келгені - сот шешімін орындау кейінге қалғаны мәлім болды. Сот орындаушылары өздері жаңадан орнатқан құлыптың кілтін Күлән Қайыпованың қызы Алтынай Мұратбековаға берді. Алматы, 16 қазан 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG