Даулы постер айыбы - 34 миллион теңге
Алмалы аудандық 2-соты Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген даулы постерді шығарған Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінен моральдық шығын ретінде 34 миллион теңге (шамамен 189 мың АҚШ доллары) өндіріп беруді сұраған Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория студенттерінің талап-арызын қанағаттандырды. Сот шешімі орындалғанға дейін компанияның мүліктері құрсауда болады. Жарнама агенттігінің директоры Дария Хамитжанова сот шешімі өзіне "жай түскендей әсер еткенін" айтты. Алматы, 28 қазан, 2014 жыл.