Алматыдағы «заңсыз миграция» ісі соты
Алматының Алмалы аудандық сотында Пәкістан азаматы Сарфазар Хусаинның соты өтіп жатыр. Оған "Қазақстанға Пәкістан, Үндістан, Иран, Қытай азаматтарын заңсыз әкелген" деген айып тағылған. Бұл іс бойынша тағы екі айыпталушы мен 145 куәгер бар. Сарфазар Хусаин мен адвокаттары урду тілінде жазылған айыптау қорытындысын беруді талап етеді. 23 қаңтар 2015 жыл.