Алдағы жылдан бастап Қазақстанның әскери әуе күштерінің сержанттары АҚШ-та арнайы курстардан өтетін болады деп хабарлады бүгін Қазақстан қорғаныс министрлігі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазақстандық әскерилер АҚШ әскери-әуе күштерінің техникалық мектептері мен сержанттық құрамға арналған орталықтарындағы мамандар даярлау әдістерімен жақын танысып, ондағы іс-тәжірибені Қазақстанда енгізуге мүмкіншілік алмақ.
Бұндай уағдаластық екі мемлекеттің әскери-әуе күштері сержанттық құрамдарының осы аптада Астанада өткен жиынында жасалған деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Қаңтардың 26-сы мен 30-ы аралығында өткен ол жиынға алғаш рет АҚШ қарулы күштері үш түрінің жоғарғы сержанттық құрамының өкілдері қатысқан болатын.