Православтар Алматыны апаттан сақтауға дұға қылды
Алматыдағы Иверск-Серафимовский православ соборында әулие Агафия Панормскаяның сүйегін қарсы алу рәсімі өтті. Шара кезінде Алматыны табиғи апаттардан қорғауды сұраған діни құлшылық – литургияны Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің митрополиты Александр атқарды. Христиан діни аңыздарында әулие Агафияның жер сілкінісі, өрт және өзге де апаттардан қорғайтын киесі болғаны айтылады. Алматы, 17 ақпан 2015 жыл.