Мүгедек арбасындағы жігіт
Қостанайдағы ақыл-есі кеміс балаларға арналған мүгедектер үйінде өскен Вадим Курьеров бес жыл бұрын Астанаға көшіп келген. Ол көшеде жүретін мүгедектер арбасын сатып алуға ақша таппақ болған. Қазір 32 жастағы жігіт ірі компаниялардың бірінде компьютер бағдарламасын орнатушының көмекшісі болып жұмыс істейді. Бірақ Вадимнің әр күні қиындыққа толы. Ол тіпті пандусы жоқ үйінен далаға өз бетімен шыға алмайды. Астана, 25 қаңтар 2015 жыл.