Accessibility links

Қуғындағы тәжік оппозициясы жаңа басшысын сайлады


Тәжікстанның қуғындағы оппозициялық Group24 тобының жаңа жетекшісі Шарофиддин Гадоев.
Тәжікстанның қуғындағы оппозициялық Group24 тобының жаңа жетекшісі Шарофиддин Гадоев.

Тәжікстанның қуғындағы оппозициялық Group24 тобы өткен аптада жетекшілері Умарали Куватовты өлтіріп кеткеннен кейін жаңа басшысын сайлады.

Куватовтың туысы әрі бизнестегі серігі, Шарофиддин Гадоев Азаттықтың Тәжік қызметіне Group24 тобының басқарушы кеңесі 12 наурызда жиын өткізіп, өзін ұйымның жаңа басшысы етіп сайлағанын айтты. 29 жастағы Гадоев 2013 жылдан бері Испанияда тұрады.

Тәжікстандық бизнесмен, 26 жастағы Собир Валиев Гадоевтың орынбасары болып сайланған. Гадоев жиынның қай жерде болғанын айтудан бас тартты.

Бұл топ мүшелерінің көпшілігі Тәжікстаннан сырт елдерде тұрады. Гадоевтың сөзінше, "Группа-24" Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға қарсы іс-әрекетін жалғастыра береді.

Бұрын Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның туыстарының сауда әріптесі болған Умарали Куватовты Стамбулда 6 наурызға қараған түні белгісіз біреулер атып кеткен.

Куватов коммерциялық мәселелер бойынша туындаған келіспеушіліктен соң ол елден кетіп, Group24 ұйымын құрған. Ол 2014 жылы қазанның 10-ы күні Душанбе тұрғындарын митингіге шығуға үндеген соң тәжік билігі Group24 тобын экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG