Саяжай тұрғындары талабы
Астанадағы мемлекет қажеттілігі үшін сүрілмек «Щебсклад» саяжайының ондаған тұрғыны қалалық әкімдіктің алдына жиналды. Олар инвесторлар ұсынған өтемақыға риза емес. Кей тұрғындар үй құжаттары жоқ болғандықтан мүлдем өтемақысыз қалмақ. Олардың он шақты өкілін қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун қабылдаған. Өкілдердің сөзінше, қала әкімі орынбасары арнайы комиссия құрып, оның жұмысы бітпейінше, яғни үш айға дейін саябақтың сүрілуін тоқтатуға уәде берген. Тұрғындардың дерегінше, саяжайда 300-ден астам үй, 1500-ден астам жан бар. Астана, 20 мамыр 2015 жыл.