"Қаражорға" табиғат пен адамды байланыстырады
Астанада мәдениет мәселесін талқылайтын халықаралық форум 43-ICTM Әлемдік конференциясы өтіп жатыр. 22 шілдеде аяқталатын бұл жиынға 70-тен астам мемлекеттен 640 адам жиналған. Олар концерттер, шеберлік курстары аясында дәстүрлі мәдениетті сақтау және оны зерттеу мәселесін талқылап отыр. Жиынға қатысушы канадалық биші, этникалық би ұстазы Сашар Зариф Азаттықпен сұхбатында Орталық Азиядағы би өнерінің дамуы жайлы айтты.