Бас прокуратура алдындағы наразылық
Семей қаласының тұрғыны, 62 жастағы Кенжеғайша Рахымбаева Астанада бас прокуратура алдында наразылық танытты. Астанаға бір апта бұрын бас прокурор Асхат Дауылбаевпен кездесу үшін келген Рахымбаева 2011 жылдың сәуірінде ұлы Берік Рахымбаевтың қалтасына "есірткі салып жіберіп", 11 жылға жуық бас бостандығынан айыру жазасына "жазықсыз" кескенін айтады. Кенжеғайша Рахымбаева прокуратура алдында журналистерге сұхбат берген соң қолына кісен салып, прокуратура қоршауына өзін таңып тастамақ болды. Бірақ оны полиция ұстап әкетіп, Есіл аудандық ішкі істер бөліміне апарды. Астана, 16 қыркүйек 2015 жыл. (Видео мәтіні орысша)