Accessibility links

Еңбек кодексі жобасы алғашқы оқылымда мақұлданды


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің депутаттары бүгін еңбек кодексі жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Заң жобасын дайындаған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құжат "мемлекеттің жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастарына араласу тәртібін айқындайтынын" айтады. Құжатта жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынасы өзін-өзі реттеу және ұжымдық келісім негізінде түзіледі.

Еңбек кодексі жобасы парламентке түспей тұрып кәсіподақтар арасында талқыланып, сынға іліккен. Жобада еңбек келісімін жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға негіз көбейген. Кодекс бойынша, еңбек келісімі "өндіріс көлемі, орындалған жұмыс пен қызмет көрсету деңгейі төмендеп, ол мекеменің экономикалық жағдайын нашарлауға соқтырса" бұзылуы мүмкін. Министрлік жаңа кодекстегі бұл ережені "экономикалық жағдайдың ауырлығынан" енгізіліп отыр дейді.

Құжатта бұған қоса кәсіпорында жұмыс тоқтап тұрса жұмыс берушіге жұмысшыны оның келісімінсіз кез-келген бос жұмыс орнына ауыстыруына мүмкіндік беретін ереже бар. Бірақ ауысатын басқа жұмыс орны жұмысшының денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс.

Кодекс жобасында жұысшыларға кесімді уақытынан артық, мейрам күндері мен демалыс кезінде істеген жұмысы үшін төленетін ақысын азайту да қарастырылған.

XS
SM
MD
LG