Еревандағы оппозиция шеруі
Ереванда бірнеше мың адам Армения президенті Серж Саргсянның конституцияға елді басқарудағы негізгі рөлді президентке емес, парламентке жүктеуді көздейтін өзгерістер енгізу туралы ұсынысына қарсы шеру өткізді. Оппозициялық «Жаңа Армения» қозғалысы бастаған акцияға қатысушылар президент Саргсянның отставкаға кетуін және жаңа сайлаулар өткізуді талап еткен. 6 желтоқсанда Арменияда конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өтпек. Оппозиция Саргсян 2018 жылы өзінің екінші әрі соңғы президенттік өкілеті аяқталған соң да билікте қала бергісі келеді деп санайды. Бірақ Саргсян мұны жоққа шығарады. 1 желтоқсан 2015 жыл. (Азаттықтың Армян қызметінің видеосы.)