Біләловті қолдау пикеті
Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында жергілікті қоғамдық белсенді Азамат Мұқанов өткен айда «дүрдараздық қоздырған» деген айыппен тұтқындалған астаналық белсенді әрі құқыққорғаушы Болатбек Біләловті қолдау пикетін өткізді. Азамат Мұқанов бұл акцияға шығуының себебін Астана тұрғындарының баспанаға құқығын қорғау жәрдемдескен Болатбек Біләловтің өзі қазір қолдауға мұқтаж деп түсіндірді.