Тәуелсіздік ескерткішіне келгендер ұсталды
Қазақстанда сирек болатын жаппай қарсылық акцияларына түрткі болған жер заңындағы даулы баптарға президент Нұрсұлтан Назарбаев мораторий жариялаған соң екі күннен кейін Алматыда тағы да бірнеше адам ұсталды. Отан қорғаушылар күніне байланысты орталық алаңдағы Тәуелсіздік ескерткішіне «гүл қою» шарасына келген бірнеше белсенді мен жекелеген азаматтарды полиция ұстап әкетті.