Accessibility links

"Еуразия+ОРТ" соты тыңдауы өтпеді


"Еуразия+ОРТ" соты тыңдауы өтпеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

Бостандық ауданының азаматтық істер бойынша сотында бүгінге белгіленген, "Қазақстанның бірінші арнасы" қарайтын "Еуразия+ОРТ" компаниясына қарсы шағым бойынша соттың алдын ала тыңдауы кейінге қалдырылды. Бұған жауапкер тарап - телеарна адвокатының келмей қалуы себеп болды. Қарағандылық заңгер Нұрхан Жұмабеков бұған дейін "Еуразия+ОРТ" компаниясының үстінен шағым түсіріп, моральдық шығын ретінде 100 мың теңге талап еткен. Шағымға телеарна жүргізушісі Аймира Шаукентаеваның эфирде айтқан сөзі - жер мәселесі бойынша митингтерді өткізген адамдарға "ақша төленгені" туралы таратқан хабары себеп болған. Алматы, 30 мамыр 2016 жыл.

XS
SM
MD
LG