Accessibility links

Грузия президенті 8 қазанға парламент сайлауын тағайындады


Грузия парламенті. (Көрнекі сурет.)
Грузия парламенті. (Көрнекі сурет.)

Грузияда биыл қазанның 8-інде парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа ел президенті Георгий Маргвелашвили қол қойған. Бұл туралы жұма күні президенттің баспасөз хатшысы Эка Мишвеладзе мәлімдеген.

«Грузия конституциясының 73-бабы 2-тармағына және Грузия сайлау кодексінің 108-бабына сәйкес, Грузия парламентінің кезекті сайлауы 2016 жылы 8 қазанға тағайындалсын. Аджар автономиялық республикасы Жоғары кеңесінің кезекті сайлауы 2016 жылғы 8 қазанға тағайындалсын» делінген президент жарлығында.

Президент қол қойған құжат премьер-министрге жөнелтілді деп хабарлайды «Грузия онлайн» порталы.

XS
SM
MD
LG