АҚШ-тағы полицияға наразылық
АҚШ-та бірқатар қалаларда наразылық шеруіне шыққандар полиция өкілдері афроамерикалықтарға негізсіз қару қолданады деп айыптаған. Шілденің басында Батон-Руж және Фэлкон Хайтсте полицияның оғынан қара нәсілді екі адам мерт болған. Артынша Далласта наразылық кезінде қарулы адам бес полиция қызметкерін атып өлтірген. Наразылық бүкіл елге тарады, Феникс пен Вашингтонда жаппай шерулер өтті. (Reuters, AP агенттіктері видеосы)
ПІКІРЛЕР