Accessibility links

Аурухана маңындағы жұрт


Аурухана маңындағы жұрт
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:47 0:00

Алматыдағы атыста жараланған адамдарды қалалық жедел көмек көрсету ауруханасына алып келді. Алайда жаралылардың нақты қанша адам екенін анықтау мүмкін болмады. Ресми ақпаратты сол жердегі полиция қызметкерлері де, дәрігерлер де бермеді. Аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев "қауіпсіздік шараларына байланысты ешқандай ақпарат бере алмайтынын" айтты. Алматыда бүгін түске дейін белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасаған. Ресми дерек бойынша, шабуылдан үш полицей мен бір бейбіт тұрғын қаза тапқан, жеті полицей жарақаттанған. Шабуылға күдікті адамның ұсталғаны хабарланды. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.

XS
SM
MD
LG