Қырғызстандықтарға Өзбекстанға бару жеңілдеді
Қырғызстан азаматтары көрші Өзбекстанға енді той-томалаққа да бара алады. Жаңалықты естісімен қырғыз-өзбек шекара бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұған дейін талай жыл қырғызстандықтар Өзбекстанға кіру үшін сол елдегі туыс адамының қайтыс болғаны жайлы жеделхатты көрсетуі тиіс болатын. Ал жүк тасымалдаушылар әуре-сарсаңнан әлі құтылған жоқ. Қырғыз паспортымен өзбек шекарасынан өте алмайтын олар Қазақстан мен Ресей азаматтарын жалдауға мәжбүр екендерін айтады. «Осы шақ» бағдарламасының [орысша] видеосы.